«Дарынды балалармен жұмыс жасау әдістері»
2024 жылдың 18 қазан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес тақырыбында өсу нүктелері болып бекітілген балабақшалардың педагогтеріне арналған «Дарынды балалармен жұмыс жасау әдістері» кеңес ұйымдастырылып, өткізілді.
Кеңес барысында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Ережепова Ася Лесовна «Дарынды балалармен жұмыс жасау әдістері» тақырыбында презентациясын таныстырды. Онда: дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Практикалық бөлімініде: «Дарынды балалармен жұмыс жасау әдістері» туралы жадынама таратылды.

Нәтижесінде: кеңеске қатысқан педагогтер білімдерін жинақтады, дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарын меңгерді.