“Бала эмоциясын түсіну және басқару” » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
желтоқсан
2025

“Бала эмоциясын түсіну және басқару”

“Бала эмоциясын түсіну және басқару”

Педагог-психолог: Д.А.Дарибаева1

1.Бала эмоциясын түсіну не үшін маңызды?

Мектепке дейінгі жаста эмоция баланың мінез-құлқының негізгі реттеушісі. Эмоцияны түсінетін бала өзін сенімді ұстайды, қарым-қатынасы жақсарады. Ата-ана баланың сезімін елемегенде, бала агрессия, жылау, қорқыныш арқылы жауап беруі мүмкін.

2. Эмоцияны тану және қабылдау

Ата-ана не істей алады?

Эмоцияны атау: «Сен ренжіп тұрсың ба?», «Қазір қорқып қалдың ба?»

Бұл баланың өз сезімін түсінуіне көмектеседі.

Қолдау көрсету: «Мен сені түсінемін», «Бірге шешеміз».

Тыйым салмай, бағыт беру: «Жылауға болады, бірақ ұруға болмайды».

3. Баланың эмоциясын басқаруға көмектесу тәсілдері

Тыныс алу жаттығулары

«Көбелек тынысы», «Шамды үрлеу», «Қоянша тыныстау» — баланы тез тыныштандырады.

Эмоцияны шығару әдістері

Сурет салдыру (ренішті қара түспен салу).

Жұмсақ ойыншықты қысып, қысымды шығару.

Пластилин, кинетикалық құммен ойнау.

Сөз арқылы басқару

«Мен-message» әдісі: «Сен айқайлағанда мен қатты алаңдаймын».

Қарапайым түсіндіру: «Сезім өтеді, ал мәселені бірге шешеміз».

Режим және тұрақтылық

Күн тәртібін сақтау — эмоциялық тұрақтылықтың негізгі факторы.


Ұйқы, тамақтану, ойын уақыты тұрақты болса, бала өзін қауіпсіз сезінеді.

4. Қиын эмоциялар кезінде ата-ананың әрекеті

Баланы ұрыспай, тыңдап, қабылдау.

Баланың көңіл-күйін жоққа шығармау: «Ештеңе болған жоқ» демеу.

«Тыныштық бұрышын» қолдану — жұмсақ кілем, ойыншықтар, тыныштандыратын кітаптар.

5. Балаға эмоцияны үйретудің күнделікті әдістері

Күніне 5–10 минут «Эмоция жайлы әңгіме» жүргізу.

Күн соңында «Бүгін не қуандырды? Не ренжітті?» ойыны.

Эмоция карточкаларын көрсету, айна алдына эмоцияны салып көру.

6. Ата-аналарға пайдалы кеңестер

Бала эмоциясы — оның «тілі». Тыңдай білсеңіз, түсінесіз.

Тәрбиеде сабырлылық сақтаңыз: бала ата-ананың эмоциясын көшіріп алады.

Эмоцияны басу емес, басқаруға үйрету маңызды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив