«Баланың эмоционалды интеллектісін дамыту жолдары»
2024 жылдың 22 қараша күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес «Баланың эмоционалды интеллектісін дамыту жолдары» тақырыбында өсу нүктелері болып бекітілген балабақшалардың педагогтеріне арналған семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинар мақсаты:
Педагогтерге эмоционалды интеллекттің маңыздылығын түсіндіру. Баланың эмоцияларын тануға, түсінуге және басқаруға арналған әдістерді меңгерту. Балабақшада балалардың эмоционалды дамуына ықпал ететін стратегияларды көрсету.
Қатысқаны: 18
Семинар барысында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының педагог-психолог Д.А.Дарибаева «Баланың эмоционалды интеллектісін дамыту жолдары» тақырыбында презентациясын таныстырыды. Онда: баланың эмоционалды интеллектісін дамыту жолдары мен әдістері туралы, сондай-ақ қажетті ресурстар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Практикалық бөлімініде «Эмоция карточкалары», «Эмоцияның дәмін тат» ойындарын Ерен.Ж жүргізді, «Эмоция кубигі», «Қорқынышты жеңу» тренинг-жаттығуларын Дукенбаева А жүргізді, «Сен не сезінер едің», «Айна» эмоцияны қайталау және «Эмоция шығару»мтренинг-жаттығуларын Д.А.Дарибаева өткізді.








Семинардың қорытынды бөлімінде «Түстермен эмоция білдіру» түссіз түрлі эмоциядағы алмаларды белгілі түспен бояп, семинардан алған әсерлерімен бөлісті, пікір-алмасты, тақырыпқа байланысты ұсыныстар беріліп, сұрақ-жауаптармен алмасты.

Нәтижесінде: семинарға қатысқан педагогтер өз білімдерін жинақтады, баланың эмоционалды дамуына белсенді қатысу жолдарын меңгерді, түрлі әдістерін қолдануды үйренді.