24
қазан
2024
«Ертегіні сахналау арқылы балалардың шығармашылығын дамыту» тақырыбында облыстық коуч-семинар
2024 жылдың 24 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан «бөбекжай-бақшасында «Ертегіні сахналау арқылы балалардың шығармашылығын дамыту» тақырыбында облыстық коуч-семинар өткізілді. Мақсаты: театрландырылған ойын іс-әрекеттер барысында балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой - өрісін, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және "Әжелер мектебімен" бірлесе ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру. Семинар барысында бөбекжай-бақшаның басшысы Баубекова Сандугаш Нурмергеновна «Ертегі Фэнтези» жобасы аясында ертегіні сахналау арқылы балалардың шығармашылығын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде бейнепрезентациясын ұсынды. Таныстырылымда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Әжелер мектебімен» бірлесе ертегілер арқылы балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашу, қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу, әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану жөнінде, сондай-ақ, балаларды театрландырылған ойындар мен импровизациялық сахналық қойылымдар және жасанды интеллектінің элементтері арқылы өз бетінше ойлауға ынталандыру туралы іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар бөбекжай-бақшаның тәрбиеленушілерінің сомдауында үш ертегіні тамашалады.