«1-қыркүйек Білім күні! Балабақша-жайлы мекен»
Күні: 02.09.2024 жыл
Тобы: мектепке дейінгі ересек жас «Жұлдыз»
Тақырыбы: «1-қыркүйек Білім күні! Балабақша-жайлы мекен»
Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасынының,балабақшаның суреттері.
Барысы:1-қыркүйек күні мектепке дейінгі ересек жас «Жұлдыз» тобында
«1-қыркүйек Білім күні!» тақырыбында тақырыптық іс-әрекет жүргізілді. Іс-әрекет барысында балаларға білім күні жайлы түсінік бердік. Мемлекеттік гимнді орындады. Балалар мерекеге арналаған тақпақтарын өз деңгейінде айтып берді. Балалар шығармашылық орталығында тудың бейнесін бояды. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді жатқа айта білуге үйренді.Балабақша туралы түсінік берілді.