«Ғажайып Жаңа жыл!» "Қарақат" тобы
https://www.instagram.com/reel/DEAr2H9sX_h/?igsh=MWJkaTBhY2hkMXRjOQ==
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы мектепке дейінгі орта жас «Қарақат» тобында «Ғажайып Жаңа жыл!» атты ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді. Ертеңгілікке 23 тәрбиеленуші қатысты.
Топ ұлдарының «Аққала» биімен басталды.

Қонаққа Қоян келеді.
Топ ұлдары қолдарына сәбіз ұстап «Қояндар» биін билеп өз өнерлерін көрсетті.

Аяз ата мен Ақшақар, Есік жыл, Жаңа жыл келді.
Ұланқызы Дария «Аққала» әнін орындап өз өнерін көрсетті.

Аяз атаның қолғабымен «Менің сиқырлы қолғабым» ойынын ойнады.

Шарты: Аяз атаның қолғабы кімнің қолында қалады сол бала тақпақтарын айтып берді.
Қонаққа Түлкі келді.

Қыздар «Түлкілер» биін билеп өз өнерлерін көрсетті.

Хормен «Шыршаға бардық» әнін тамаша орындап шықты.

Аяз ата топ бүлдіршіндеріне сыйлықтарын табыстады.
